Біздің елдің жігіттері

САПАРОВ АЙДАРБЕК СЕЙПІЛҰЛЫ

1966 жылы 12 маусымда СҚО Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Ноғайбай (Красное) ауылында туған.
1992 жылы РМ Омбы ауылшаруашылығы институтын,
2006 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды тәмамдаған.
Мамандығы: зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры.
• Еңбек жолын 1984 жылы кеңшар бухгалтері қызметінен бастаған.
• 1992 -1995 ж.ж. зоотехник-реализатор, кеңшардың коммерциялық директоры.
• 1995-2003 ж.ж. «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры.
• 2003-2005 ж.ж. «Азықтүліккелісімшарткорпорациясы» АО СҚО өкілдігі директорының орынбасары, бірінші орынбасары.
• 2005- 2006 ж.ж. ҚР АШМ СҚО аумақтық инспекциясының бастығы.
• 2006- 2008 ж.ж. Шал ақын ауданының әкімі.
• 2008-2010 ж.ж. Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.
• 2010 -2011 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
• 2011-2019 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
• 2019 жылғы наурыз айынан бері ҚР ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары.
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров – Солтүстік Қазақстан облысында жаңа аграрлық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін көтеру, дәнді және майлы дақылдардың шығымдылығын арттыру, астық және ет экспортын ілгерілету жолында аянбай еңбек етті. Оның бастамасымен өңірде ірі мал бордақылау алаңдары мен сүт фермалары құрылды. Шет елдерден асыл тұқымды ірі қара мал әкелініп, малды асылдандыру жұмыстарын жандандырды. Мағжан Жұмабаев ауданына басшылық еткен жылдары ақынның 115 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге ат салысты.

«Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері.