Қауырсын қалам

Рахимов Жұмабек Қайыртайұлы

Рахимов Жұмабек Қайыртайұлы – 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданына қарасты Өрнек ауылында туған. 3-4 жасынан ауыл арасындағы той-томалақтарда ән айтып, әнші бала атанған. Мектепте оқып жүрген кезінде аудандық әнші-жыршылар, термешілер байқауларына қатысып, жеңімпаз атанған. 5-6 сыныптарда оқып жүрген кезінде айтысқа қызығушылығы оянып, жыр додасында бағын сынаған. Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысында бірінші орынды еншілеген. Шымкент қаласында өткен Өзбекәлі Жәнібековтің 8 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында арнайы сыйлыққа ие болды. 2010 жылы Петропавлдағы өнер колледжін тәмамдағасын, туған жері Есіл аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарған. 2013-інші жылдан бері әскери қызметте. Жұмабек өмірін басқа арнаға бұрса да, бүгіндері шығармашылықтан алыстамай, ән мен жырды арқау етіп келеді.

Отан!
Отан дала, арысым.,
Талай тұлпар таныта алған шабысын.
Алла қолда, жыға көрме туымды,
Наркы биік нағыз менің намысым.
Отан ана, Отан бала, бак бәрі,
Ұлы Отан – Ата- баба мақтаны.
Жаса мәңгі, патриоттық сезім бар,
Қазақстанымның азаматтары.
Отан, Отан, жасыл алқап жер төсі,
Сені сүйет жан-тәнімен ел көші.
Отан, саған махаббатым шын шексіз,
Қазакстандықтарымның өлкесі.
Ұлы Отан аңсағанға құрақ төр,
Сені аңсайды елім деген қуатты ер.
Ұлы Отанға ия жараткан жар болып,
Ұлы Отанга таусылмайтын қуат бер.
Ұлы Отанга арайланган шуақ бер,
Келешегі н кемелди етіп құрап бер.
Ұлы Отанга өтінемін Тәңірім,
Не берсең де үйіп-төгіп бірақ бер.
Төрт- ақ әріп Отан сөзі ар маған,
Отан қыран көк аспанда самғаған.
Отанында бейбіт өмір сүрсін деп,
Құрбан болып кеткен талай нар бабам.
Шүкір, бүгін бағымыз бар бес елі,
Нұрлы жолым жас ұрпақтың мекені.
Нарқы биік нар Қазаққа белгілі,
Отан сөзі оттан ыстық екені.
От кеуделі болсаң елді сүйгейсің,
Келер ұрпақ, басыңды әркез игейсің.
Момышұлы Бауыржан батыр айтқандай,
Отан үшін отқа түссең күймейсің.
Тал бесіктен алған Отан бастауым,
Абыройым, ар-ожданым асқарым.
Отан үшін құрбандыққа дайынмын,
Жер бесікке жеткенінше жас жаным.
Ұлы Отанды шырқау керек ән қылып,
Ұлы Отанды қорғау керек ар қылып.
Мәңгілік ел ұрпақтары рухты,
Ұлы Отанды сүю керек мәңгілік!

Тұғырлы Тәуелсіздік!
Бодандықтай бұзған мәңгі қағбаны
Текті елімнің бар ырысы, бар бағы.
Тәуелсіздік тыныштығы ұрпақтың,
Тәуелсіздік Ата- бабам арманы.
Тәуелсіздік арқашан да тірегім,
Тәуелсіздік төскейдегі жүрегім!
Тәуелсіздік бақ, береке, ынтымақ,
Тәуелсіздік текті менің дүр елім.
Тәуелсіздік тіл- көз тимес байлығым,
Тәуелсіздік абыройым- айбыным.
Тәуелсіздік желбіреген Көк Туым,
Тәуелсіздік қадірі мол ай- күнім.
Арайланған ақ таңымыз Азат күн,
Тәуелсіздік таңғажайып ғажап күн.
Тәуелсіздік басқа қонған бағымыз,
Тәуелсіздік ар намысы Қазақтың.
Тәуелсіздік жас ұрпақтың жыр-әні,
Тәуелсіздік бар Алаштың ұраны.
Тәуелсіздік тұғырына кеп қонган,
Қазағымның қалықтаған қыраны.
Тәуелсіздік нар елімнің айбары,
Тәуелсіздік татулықтың айғағы.
Тәуелсіздік Қазағымның көгінде,
Мәңгілікке желбіреген байрағы!