Біздің елдің жігіттері

ТАСМАҒАНБЕТОВ МАРАТ ИМАНБАЙҰЛЫ

1971 жылдың 20 тамызында СҚО (бұрынғы Көкшетау облысы) Рузаев ауданына қарасты Андреевка ауылында туған.
1994 жылы Көкшетау ауылшаруашылығы институтын,
2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы: ғалым-агроном, экономист.
• Еңбек жолын 1988-інші жылы кеңшарда жұмысшы болып бастаған.
• 1994-1998 ж.ж. Есепші, агроном тұқым өсіруші, бас агроном.
• 1998- 2000 ж.ж. «Западное-Қазақстан» ЖШС директоры.
• 2000-2006 ж.ж. «Вест» ЖШС директоры.
• 2006-2014 ж.ж. Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі.
• 2014-2019 ж.ж. Петропавл қаласының әкімі.
• 2019 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Құрмет орденінің иегері (2017 ж.).
Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов- ауылшаруашылығы саласында ысылған, осы саланың барлық қиындықтарымен етене таныс, күрмеулі мәселелерді шешуде тәжірибесі мол басшы ретінде танылды. Тек аграрлық сала ғана емес, экономика, өндіріс ісін ұйымдастыруда да қарым-қабілеті мен ерік-жігері мол тұлға екенін талай мәрте дәлелдеді. Марат Тасмағанбетов басшылық еткен Ғабит Мүсірепов ауданы 2007-інші жылы ел қамбасына миллион тоннадан астам астық құйып, рекорд жаңартты. Тек аудан дәрежесінде ғана емес, облыс орталығын да гүлдендіріп, қаладағы өндіріс саласын жандандыруға еңбек сіңірді. Қазіргі күні ауылшаруашылығы саласына жауапты маман ретінде өңірде осы саланың дамуы жолында еңбек етуде.