Біздің елдің жігіттері

АЛИШЕВ РУСЛАН ҚАНАТХАНҰЛЫ

1978 жылғы 29 шілдеде СҚО-да туған.
2001 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды,
2006 А. Мырзахметов атындағы университетті тәмамдаған.

• Еңбек жолын 2001-інші жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы әскери кафедраның оқытушысы қызметінен бастаған.
• 2004-2009 ж.ж. Петропавл қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде түрлі қызметтер атқарып, бөлім басшысы лауазымына дейін көтерілген.
• 2010-2013 ж.ж. Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
• 2013-інші жылы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары.
• 2013-2014 ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және архивтер комитеті Электронды БАҚ басқармасының басшысы.
• 2014-2016 ж.ж. «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты саяси жұмыс департаментінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған.
• 2016-2018 ж.ж. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
• ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК басшысы.
• 2019-2020 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
• 2020-сыншы жылдың мамыр айынан бастап ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директоры.
Руслан Қанатханұлы – болашағынан үлкен үміт күттіретін білікті жастардың бірі. Мемлекеттік қызметтің барлық бспалдағынан өтіп, ысылған. Аймақтық және республикалық құрылымдарға басшылық етіп, мол тәжірибе жинаған. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосты.