Біздің елдің жігіттері

ШАЙМЕРДЕНОВ БІРЖАН ӘБДІЛМАНҰЛЫ

1959 жылы 9-ыншы қазанда СҚО Аққайың(бұрынғы Совет) ауданына қарасты Дайындық ауылында туған.
Алматыдағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын тәмамдаған. Мамандығы: заңгер.
Еңбек жолын 1979-ыншы жылы Петропавл қаласында қарапайым механик болып бастаған.
1997-інші жылдан бері өзі туған ауылында «Дайындық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, басшылық етуде.
Қажырлы еңбегінің арқасында 2011-інші жылы “Құрмет”, 2018-інші жылы “Парасат” орденімен марапатталған.

Тоқырау жылдарындағы қиындық талай іргелі шаруашылықты тұралатып тастағаны анық. Солардың қатарында Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы да бар еді. Қысқа ғана мерзім ішінде жылдар бойы мызғымастай болып тұрған ауылшаруашылығы құлдырап, тұрғындары абдырап қалған кезде туған жерінің тізгінін қолына алған Біржан Әбділманұлы аз ғана уақыттың ішінде Дайындықты облыстағы ең қуатты агроқұрылымдардың біріне айналдырды. Бүгінде дәнді және майлы дақылдар өсіруде Солтүстік Қазақстан облысындағы ең озат серіктестіктердің қатарына енген. Бұның барлығы да Біржан Шаймерденовтің еңбекқорлығы мен шебер ұйымдастырушылығының жемісі. Бұған қоса, Біржан Әбділманұлы елімізге атбегілігімен де танымал. Ол баптаған сәйгүліктер республикалық, халықаралық бәйгелерде топ жарып жүр.