Біздің елдің жігіттері

ЖҰМАБЕКОВ БОЛАТ СЕРІКҰЛЫ

Жұмабеков

1972 жылғы 5-інші қарашада Көкшетау облысына қарасты Куйбышев ауданында туған.
1995 жылы Ақмола ауылшаруашылығы институтын,
2006 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды тәмамдаған.
Мамандығы: агроном, құқықтану бакалавры.

• Еңбек жолын 1995-інші жылы «Жұмабеков К.С.» шаруа қожалығының агрономы болып бастаған.
• 1997-1998 ж.ж. Тимирязев ауданы әкімі аппаратының жерде орналастырушы маманы.
• 1998-1999 ж.ж. Тимирязев аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы.
• 1999-2005 ж.ж. Тимирязев аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы.
• 2005-2007 ж.ж. Тимирязев аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы.
• 2007-2009 ж.ж. Тимирязев ауданының әкімі.
• 2009-2011 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі.
• 2011-2012 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
• 2012 -2013 ж.ж. Петропавл қаласының әкімі.
• 2014 жылы «JELS-FSTANA» ЖШС коммерциялық директоры.
• 2014-2018 ж.ж. Қызылжар ауданының әкімі.
• 2018-2019 ж.ж. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімі.
• 2019 жылдан бері Петропавл қаласының әкімі.
«Құрмет» орденінің иегері. (2016ж.)
Болат Серікұлы – еңбек жолын экономикалық тоқырау кезеңінде бастаған маман. Дағдарыс кезінде әрекет ете алатын, дұрыс шешім қабылдайтын іскер басшы ретінде танылды. Мол тәжірибесі мен білімін, ұйымдастыру қабілетін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсауда. Оның бастамасымен тың жобалар жүзеге асырылуда.