Біздің елдің жігіттері

ЖОМАРТ ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ ОМАРОВ

1971 жылы СҚО Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылында туған.
Білімі жоғары. Қаржы және ауылшаруашылығы бакалавры.
• Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің маманы қызметінен бастаған.
• 1992- 1995 ж.ж. СҚО Салық комитетінің Жамбыл аудандық бөлімшесінің бастығы.
• 1995-1998 ж.ж. Салық полициясында қызмет атқарды.
• 1998-2003 ж.ж. «Миролюбовское» ЖШС бас экономисі.
• 2003-2006 ж.ж. ҚР АШМ СҚО мал шаруашылығы және ветеринария ҒЗИ бөлім бастығы
• 2006-2007 ж.ж. ҚР ІІМ СҚО арнайы күзет қызметі басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы.
• 2007-2011 ж.ж. «Эталон-АвтоРесурс» ЖШС директоры
• 2011-2015 ж.ж. «Петропавл мұнай базасы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.
• 2015-2019 ж.ж. «Астраханское» ЖШС директоры.
• 2019 жылдан бері «Токуши-Грейн» ЖШС директоры.
Жомарт Жақсылықұлы өнерсүйер қауымға есімі етене таныс азамат. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан өңірінде ұлттық өнердің өркендеуіне, қазақ тілінің қанат жаюына ат салысып, қолдау көрсетіп жүр. Оның ұйытқы болуымен Қожаберген жырау, Сегіз серінің мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Өңірде мемлекеттік тілдің өркендеуіне қосқан үлесі үшін 2017 жылы «Тіл жанашыры» төс белгісіне ие болды.