Бабалар мұрасы

Ахметжан Нұртазин

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында  туған. 1908-1975 жылдар аралығында өмір сүрген. Ақынның «Полковник қызы», «Партизан  Қостан», «Таубай»   дастандары оқырманға кеңінен танымал. 1966 жылы «Орман сыры», 1972 жылы «Көктоғай» атты жинақтары жарық көрген. Ахметжан Нұртазин  жастайынан айтысқа түсіп,  аудандық, облысаралық жыр додаларында топ жарған.  Талай жыл орман шаруашылығы саласында қызмет еткен.