Біздің елдің жігіттері

БҮРКІТБАЙ ҒЕЛМАНҰЛЫ АЯҒАН

1954 жылы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Есіл (бұрынғы Москва) ауданына қарасты Ақтас ауылында туған.

Тарих ғылымының докторы,  профессор.  Қазақ білім академиясының академигі. ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі.

1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағасын, аталмыш білім ордасында комсомол ұйымының хатшысы, оқытушы болып еңбек еткен.

1990 жылы Қазақ КСР Жоғары білім министрлігінде  жетекші ғылыми қызметкер. 1990-1996 жылдар аралығында ҚР Президенті әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.

1996-1998 жылдары Қазақ Заң университетінің сыртқы байланыстар орталығының директоры.

1998-2003 жылдары Алматы қаласының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының  басшысы.

2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясының» бас  директоры. 2008 жылдан бері ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы» инситутының директоры- «ҚР тарихшылары мен қоғамтанушылары лигасының» төрағасы.

«Құрмет» орденімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.

АҚШ  Туссон қаласының және туған жері СҚО Есіл ауданының құрметті азаматы.

Бүркітбай  Ғелманұлы көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Орта мектептер мен ЖОО-ға  арналған кітаптар мен оқу құралдары, монографиялар мен энциклопедиялар, ғылыми –танымдық  басылымдары жарық көрген.