Біздің елдің жігіттері

ДӘСТЕН АБЫЛАЙҰЛЫ БАЙМҰҚАНОВ

1958 жылдың 9- қаңтарында СҚО Шал ақын (бұрынғы Сергеев) ауданына қарасты Бірлік ауылында туған.
Ақын, композитор, жыршы.
Петропавл педагогикалық институтын тәмамдаған. Мамандығы: Физика пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын 1976 жылы туған ауылындағы 8 жылдық мектептің мұғалімі болып бастаған.
1983-1990 ж.ж. Соколовка 8 жылдық мектебінің директоры.
1990-1995 ж.ж. Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінің бастығы.
1995-1997 ж.ж. Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.
1997 жылдан бері «Баймұқанов және компания» КС басшысы.
2002 жылдан бері Петропавл қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.
Дәстен Абылайұлы – ұлттық өнердің жанашыры. Еңбекке араласқан күннен бастап Солтүстік Қазақстан өңірінде қазақ ән-жырын, жыршылық-термешілік өнерін дамыту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Шал ақын ауданында жұмыс істеген жылдары «Ақбидай» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Алқағаш ауылында «Гүлдерай» фольклорлы ансамблін, Социал ауылында домбырашылар ансамблін құрды.
Жамбыл ауданында қызмет еткен жылдары «Мерей» фольклорлы ансамблін, Майбалық ауылында «Жыршы-термешілер» мектебін ашты, Жаңажол ауылында «Халық театрын» ұйымдастырды.
Бұдан бөлек, Сегіз сері, Қожаберген жырау, Қожамбет ақын, Тұрсынбай батыр, Ахметжан Нұртазин сынды тарихи тұлғаларды зерттеу жолында аянбай еңбек етті.
Мерейтойлық медальдар мен Облыс әкімінің, Мәдениет министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.