Біздің елдің жігіттері

АХМЕТОВ САПАР ҚАЙРАТҰЛЫ

1965 жылы СҚО Шал ақын ауданындағы Социал ауылында туған.
Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Евразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Мамандығы: инженер, экономист-қаржыгер.
• Еңбек жолын 1990 жылы «Петропавловсксельстрой» трестінде кірпіш қалаушы болып бастаған.
• 1992-1997 ж.ж. кәсіпкерлік саласында еңбек еткен.
• 1997-1998 ж.ж. «Ақмола-недвижимость» кәсіпорнының техникалық қадағалау инженері.
• 1998 жылы Астана қаласы әкімдігіне қарасты экономикалық реформалар бөлімінің жетекші маманы. Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.
• 1998-1999 ж.ж. Астана қалалық туризм және сыртқы экономикалық байланысты дамыту бөлімінің меңгерушісі.
• 1999-2001 ж.ж. Астана қалалық экономикалық талдау және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
• 2001-2002 ж.ж. Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.
• 2002-2004 ж.ж. Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары
• 2004-2007 ж.ж. Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі.
• 2007-2008 ж.ж. Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.
• 2008-2013 ж.ж. Астана қаласы, Алматы ауданының әкімі.
• 2013-2016 ж.ж. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
• 2016 жылдан бері ҚР Парламент мәжілісінің депутаты.

Сапар Қайратұлы –саясаттану ғылымының кандидаты. «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқаруды дамыту» тақырыбында диссертация қорғаған.
Қазіргі күні Мәжілісте экономикалық реформалар және аймақтарды дамыту комитетінің мүшесі. Сапар Қайратұлы мемлекетшіл тұлға. Қай қызметте болмаса да, елдік мүддені көтеру, экономикалық дамыту жолында аянбай еңбек етіп келеді.
«Құрмет» (2008) орденінің және бірнеше мерейтойлық медальдардың иегері.