Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚАУІПСІЗДІГІ-БІРІНШІ ОРЫНДА

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қауіпсіздік шараларына баса мән береді. Қазір, жаз уақытында жол құрылысының қарқын алуына байланысты республикамыздың әр өңірінде қызметкерлер карантинге қарамастан жұмыс істеуде. Өйткені, жол мен құрылыс материалдарының сапасы бақылануы тиіс. Бұл біріншіден, салынған жолдардың сапалы болуымен бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты әр филиалға қарасты зертханалардың ғимараты мен аумақтарды дезинфекциялау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Жылжымалы зертханалардың іші де ұдайы тазаланып, арнайы сұйықтықпен зарасыздандырылады. Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы да әр он күн сайын зертхана ғимараты мен оған қарасты аумақта вирусқа қарсы өңдеу, қызметкерлердің жұмыс орындары мен жылжымалы жол зертханасында зарарсыздандыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыр. Қызметкерлердің барлығы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Әр 10 күн сайын жұмысшылар короновирусқа ПТР тестілеуден өтеді. Осылайша, Компания өз қызметкерлеріне карантин кезінде қолдау көрсетуде. Вирус анықталған жағдайда жұмысшылар үйде отырып, қашықтан жұмыс істейді. Ұлттық сапа орталығының қызметкерлері де басқа қызмет өкілдері секілді, саптан шықпай, өз қызметін мүлтіксіз орындауда. Себебі, жолдың сапалы болуын қадағалау – басты міндет.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы СҚОФ баспасөз қызметі