Жаңалықтар

Жолдардың қысқы күтімі бойынша жұмыстардың жай-күйі тексерілді

Қыс кезіндегі жолдарды күтіп ұстап, тазалап отыру жол компанияларының басты міндеті. Осыған орай  Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының мамандары Нұр-Сұлтан- Петропавл және Челябинск – Новосибирск тас жолының СҚО аумағындағы бөлігін, Петропавл- Соколовка республикалық жолын, қала сыртындағы айналма жол және қала ішіндегі көшелердің жағдайын бақылау мақсатында рейд ұйымдастырды. Тексеріс барысында автопавильондар мен демалыс алаңдарының қардан тазаланбағаны, жолдардың кей учаскелерінің қардан аршылмағаны анықталды.

Бұл кемшіліктер жолаушылардың демалуына мүмкіндік бермей, апаттық жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан, “Казавтожол” акционерлік қоғамы мен мердігер ұйым “Казахавтодор” ЖШС-не филиал тарапынан ескерту хаттар жолданды.