Жаңалықтар

Облыста барлық бағыттағы жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райының бұзылуына байланысты (бұрқасын жел, боран) барлық бағыттағы жолдар жабылды. 20.01.21 күні сағат 17:00-ден бастап облыстық маңызға ие жолдар барлық көлік түрлері үшін жабық деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығы себебінен облыс тұрғындарын елді-мекендерден шықпауын ескертеді.