Санатталмаған

Halyk Bank – Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінің үздігі

SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді.

Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнескеарналған мобильді және интернет-банктердің функционалын, ШОБ клиенттері үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ескерді. Атап айтқанда, сарапшылар әр елдің үздіктерінанықтады және олардың қатарында Halyk Bank-тің бизнеске арналған Onlinebank қосымшасы аталды. Бұл банк командасыныңБір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істейтін функционалдық және заманауи мобильді қосымшасынжасай алғанын дәлелдейді.

Onlinebankке тіркелгеннен кейін бірден жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге және шот ашуға болады. Әрі қарай, қосымшада сіз тегін жеткізу қызметі бар корпоративтік картаны аша аласыз немесе Apple Pay және Samsung Pay-гебайланыстыруға болатын цифрлы картаны шығаруға болады. Цифрлы карта – бұл Onlinebank-те әпсәттешығарылатын және толығымен қолдану тегін бірегей банк өнімі.

Қосымшада ақша айырбастауға болады, ал кәсіпкерлер үшін “Сауда сигналы” функционалы қолжетімді, яғни күтілетін бағамды көрсетіп, одан ары нарық өзгеріп, қажетті бағамға жеткен кезде банк клиентке push-хабарлама жолдау мүмкіндігін қарастырған. Onlinebank-те сондай-ақ рубльмен ақша аударудың жеңілдетілген түрі бар. Енді алушының деректемелері автоматты түрде толтырылады. Бұдан басқа “Бағдаршам” сервисі іске қосылды, онда сервис базасы әріптестердің сенімділігін тексереді.

Onlinebank қосымшасы қызметіндегі үлкен серпілістің бірі бұл телефон нөмірі бойынша жеке тұлғалар да, бизнес-серіктестер де 24/7 режимінде комиссиясыз заңды тұлғалар мен ЖК шоттарына ақша қаражатын аудару мүмкіндігі. Бұл қызметті қолдану үшін бизнес иесі сенімді нөмірді Onlinebank қосымшасындағы компанияның шотына тіркеуі тиіс.

Бұл жетістік – Halyk Bank командасының еңбегі. 2020 жылы күрделі коронавирус кезеңде тек жұмыла жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлер карантиндік шектеулер жағдайында белсенді қолданғанинновациялық және практикалық онлайн-сервистер мен өнімдерді әзірлеу және оны енгізу үшін өзінің цифрлық әлеуетін шоғырландырды. Бүгінгі жетістігіміз Halyk Bank және Halyk тобындағы барлық компаниялар ұсынатын онлайн-қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосымша ынтаберетіні сөзсіз“, – деді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.