Жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА КӨТЕРМЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫ КӨШУДІ БАСТАДЫ

Аталмыш орталықта осыған дейін 250 сауда нүктесі жұмыс істеді. Жаңа орынға 240 контейнердің 170-і тасымалданады, қалғандары үлкен құрылыс базарының аумағына орналастырылады. Жаңа орынға көшу барысында 100-ге жуық адам, 4 Кран, 3 манипулятор және басқа да техника жұмылдырылады. Бұл процесті патрульдік полиция сүйемелдейді. Орталықтың жаңа орынға көшуіне байланысты көшелерді жабу немесе автомобиль қозғалысын тоқтату туралы хабарламалар әлі түскен жоқ.

Сауда орталығының иесі Владимир Богдановтың айтуынша, көшу процесі 7-10 күнге созылады. Орталық базары Интернациональная және Астана (бұрынғы Каманин) көшелерінің қиылысында 24 жыл жұмыс істеді. Көп ұзамай бұл жер жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңына айналады. Орталық 12 мамырда ескі жерде жабылды.