Жаңалықтар

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ГРАНТ БӨЛДІ

Соңғы рет жоғары білім алуға гранттарды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2018 жылы бөлген болатын. Ол кезде бөлінген грант саны 75 болды. Ал биыл облыстық бюджеттен өңірге қажетті мамандықтар бойынша 50 білім грантына қаражат бөлінді. Облыстық бюджет есебінен “Жалпы медицина” (20 грант), “Ветеринария” (15 грант) мамандықтары бойынша білім алуға болады, сондай-ақ өңір әкімі 5 гранттан “Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы”, “Агрономия” және “Білім”мамандықтарына бөлді. – Егер түлектер арасында білім беру грантын алуға конкурс бойынша өтпейтіндер болса, олар облыс әкімінің грантына үміткер бола алады. Негізгі шарт – қажетті балын жинау. Өңір басшысының гранттары жалпы конкурс өткізілгеннен кейін бөлінетін болады, — деді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова. Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысында мұғалім мамандығының беделі артып келеді. Педагогикалық мамандықтарға өту балын да көтереді. 2019 жылы табалдырық 50 балл, 2020 жылы – 70, ал осы жылы – 75 балл болды.