Жаңалықтар

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қазақстанның солтүстігінде 4 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарын егу жоспарлануда. Негізгі дақылдар дәнді, майлы дақылдары болады. Жұмыста 13 мың трактор және 1200 заманауи жоғары өнімді кешендер жұмыс істейді. Фермерлер қарақұмықты 2,5 есе арттырды. Сонымен қатар, егіс материалдары да жаңартылып, шаруашылықтар 45 мың тонна тұқым сатып алды. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өңірге 45 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 17-ін өсімдік шаруашылығын дамытуға жұмсау жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан облысының жазық аймақты аудандарында егіс әдетте мамырдың екінші онкүндігінде басталады. Ағымдағы айдың 15-20 күндері егіс науқанына басқа да аудандардың агроқұрылымдары қосылуда. Рас, қазір фермерлер топырақтың егін егу науқанына аса дайын еместігін айтып отыр. Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында жер жырту үрдісі  аяқталуда. Өрістері ойпатта орналасқан шаруа қожалықтарындағы жағдай басқашалау. Естеріңізге сала кетейік, облыстың жекелеген аудандарында биылғы қысқы жауын-шашын нормадан үш есе асып түскен болатын.

 

Абай Нұрболұлы