Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР “ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНДА” ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

Солтүстік Қазақстан облысында жол саласында маман тапшы екендігі белгілі. Бұл мәселе әсіресе маусымдық құрылыс жұмыстары басталған кезде сезіледі. Кәсіби мамандар жетіспегендіктен, мамандарды сырттан шақыртуға мәжбүрміз. Жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиалы екі жыл қатарынан  болашақ жолшыларды орталықта тәжірибеден өткізуде. Екі жылдың ішінде 9 студент білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Айта кетерлігі, орталық тәжірибеден өтуші студенттерге ай сайын  85 мың көлемінде еңбекақы төлеп отыр. “Мен екінші жыл осы орталықта өндірістік тәжірибеден өтудемін. Зертхана жұмысы қызықты, болашақта осы жерге келіп жұмыс істегім келеді” дейді Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Серік Бисұлтанов. Мекеме басшысы Жолдыбай Тентековтің айтуынша, студенттердің білімін шыңдайтын жер, яғни зертхана биыл аккредитациядан өтіп, жол-құрылыс материалдарын кедергісіз сынауға жол ашылып отыр.

Аманжол Барлыбаев