Жаңалықтар

ТЕРІСКЕЙДІҢ ТУРИСТІК ТАҢБАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысының туристік логотипі жасалды. Бұл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Туристер әр өңірді өзінің ерекшелігіне байланысты жасалған таңбасы арқылы таниды. Логотип – өңірдің 85 жылдығы қарсаңында әзірленді. 1936 жылы құрылған астықты, орман-көлге бай өңірдің бар ерекшелігі осы таңбада бейнеленген.

«Жылқы басы бейнеленген логотип арқылы біз өңіріміздің байлығын, сұлу табиғатын, бай тарихын көрсеттік. Жылқыны алуымыздың себебі – жылқы осы өңірде алғаш рет қолға үйретілген, ол ғылыми дәлелденді. Әр түстің өзіндік айтар ойы бар. Жасыл жалы – өңірдің жасыл желекке оранғанын, қызылдан сарыға қарай берілген түс – күн батып бара жатқандағы бидайы піскен егін алқабын, одан кейінгі көк түс – өңірдің өзен-көлдерге бай екенін көрсетеді», дейді логотип авторларының бірі Александр Шингуров.

 

Ақерке ҚАБЫКЕЕВА.