Жаңалықтар

ЖОҚ ШӨПТІ САТҚАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Соңғы бірнеше аптаның ішінде солтүстікқазақстандықполиция департаментіне төмен бағамен мал азығын сатыпаламын деп интернет-алаяқтарға тап болған төртжәбірленуші арызданғанАлаяқтың арбауына Мамлют ауданындағы ауылдардыңбірінің тұрғыны да түсіп қалыпты. Ол OLX сайтындакөрген хабарландыруға сеніп, 58 мың теңгеге шөп алмақшыболады. Алайда сатушы қаражатын алысымен, байланысқашықпай қойыпты. Жәбірленушінің арызы бойыншаМамлют ауданының криминалдық полиция бөлімшесініңқызметкерлері бірден жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді. Күдікті Қостанай облысынан табылды. Мамлют ауданыныңтұрғынын сан соқтырып кеткен Рудный қаласының 21 жасар тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті Мамюткағажеткізіліп, тергеу әрекеттері басталған. Факті ҚазақстанРеспубликасының қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердіңбірыңғай тізіліміне енгізілді. Сонымен қатар рудныйлықтыңтағы Қызылжар ауданының және Петропавлдың екітұрғынын алдауға қатысы баржоғы тексерілуде.

Алаяқтар маусымдық сұранысқа ие тауарларды таңдап, үнемі алдаудың жаңа механизмдер мен сценарийлерін ойлаптабады. Сондықтан халықтан сақ болуды, пікірлерді, сатушылардың репутациясын зерделеуді, сондай-ақ олардансататын тауарларының бейнешолуын жіберуін талап етукерек, – дейді полиция подполковнигі Мамлют ауданыныңполиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

 

 

Ерлан Махметов,

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы