Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ НЕ КИЕТІН БОЛДЫ?

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова брифингте солтүстікқазақстандық оқушылардың мектепке киетін киімі жайлы сұрақтарға жауап берді.

“Оқушылар сабаққа мектеп формасында да (әр оқу орнында белгіленген үлгіде), классикалық стильдегі киімде де қатыса алады. Мектеп формасы қажет, бірақ егер сатып алуға мүмкіндік болмаса, бала мектепке классикалық киіммен бара алады. Көйлек немесе блузка ақ болуы міндетті емес, ашық көк, қызғылт реңді болуы мүмкін. Мектеп киімінің форматын мектеп, тіпті жеке сынып та таңдайды,- деді Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ, ол мұғалімнің мектеп формасын талап етуге құқығы жоқ екенін айтты. Білім басқармасының басшысы мұндай фактілер туындаған жағдайда ведомствоға жүгінуді сұрады.

АМАНЖОЛ БАРЛЫБАЕВ