Жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық жолдардың жалпы желісі 1970 шақырымды құрайды. Биыл жолдарды қалпына келтіруге, күрделі және орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға 8,3 млрд теңге жоспарланған. Қазірдің өзінде 30% игерілді.

Өңірдегі жол құрылысының сапалы жүргізілуін бақылайтын Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының мамандары республикалық автожолдарға 193 рет шығып, тексеріс жүргізген. Мониторинг нәтижесінде 258  ақау анықталды.  Жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдарды тексеру бойынша 154 сынама алынып, нәтижесінде  12 -сі нормативті стандарт талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды.  Айта кетейік, облыста республикалық маңызы бар жолдардың ішінде толық ауқымды жөндеу жұмыстары екі нысанда жүргізілді. Олар: Р-58 “Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское” автожолында күрделі жөндеу жүргізілсе,

​”Волошинка-Сергеевка-Тимирязев” Р-60 жолының учаскесі орташа жөндеуден өткен. Бұған қоса, республикалық маңызы бар 16 автожолды күтіп ұстау бойынша жұмыстар филиал қызметкерлерінің назарында. Филиал баспасөз хатшылығының мәліметінше орталық мамандары жол құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға жыл басынан бері барлығы 221 рет іссапар ұйымдастырып, 267 ақауды анықтаған.

АМАНЖОЛ БАРЛЫБАЕВ