Жаңалықтар

ОРАҚ НАУҚАНЫ ҚЫЗДЫ

Биыл өңірде 4,3 мон гектар алқапқа егін себілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек бүгінгі күнге дейін 3 миллион гектардың астығы орылды. Дәнді дақылдардың шығымы гектарынан 11 центнерден айналуда. Майлы дақылдар алқабының 561,1 мың гектарынан өнім жиналды. Бұл жалпы аумағының 58,6 пайызы. Әзірге түсімі гектарынан 6 центнерден. Жалпы, малы дақылдар кеш жиналады, сондықтан қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы, егін себу науқаны дер уақытында жүргізіліп, сапалы тұқым сіңірілді. 2,3 мон гектар алқапқа 148 мың тонна тыңайтқыш себілді.  3,4 млн гектар алқап гербицидпен өделіп, зиянкестерге қарсы шаралар қабылданды.

Орақ науқаны басталғалы бері облыстағы астық қабылдау орындары 644,3 мың тонна дән қабылдады. Оның 548,5 мың тоннасы бидай. Жалпы, бұның ішіндегісі, яғни 90 пайызы 3 сұрыпты бидай.

Мамандардың айтуынша өңірдегі элеваторлар 6,6 млн тонна астық қабылдай алады. Бұл орындардың 3,1 миллион тоннасы ауылшаруашылығы құрылымдарына тиесілі.

Жыл басынан бері өңір диқандары 53 миллиард теңгеге 1946 жаңа техника сатып алды. Осының арқасында барлық науқандық жұымстар уақытында атқарылуда.

Биылғы ораққа 7156 комбайн, 4796 жатка мен 5289 жүк көлігі жұмылдырылған. Диқандар орақты дер кезінде аяқтау үшін ауыл шаруашылығы ауарын өндірушіерге 75,3 мың тонна жеңілдетілген бағамен жанарма берілді.

Сағындық МАУҒАЗИН